Өскемендегі жарылыс: оқиға орнынан кадрлар жарияланды

Өскемендегі жарылыс: оқиға орнынан кадрлар жарияланды
ТЖМ

ТЖМ күштерімен "Қазмырыш" ЖШС аумағындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство оқиға орнынан кадрлар жариялады.

Оқиға орнына құтқарушылар, кинологиялық топтар және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жұмылдырылды.

Айта кетейік, бүгін Өскемендегі "Қазмырыш" зауытында жарылыс болды. ТЖМ зауыттардың бірінің аумағында шаң жинау қондырғысында жарылыс болып, арты өртке ұласқанын, кейбір жерлер ішінара опырылғанын мәлімдеді.