Өскемендегі "Қазмырыш" зауытында жарылыс болды

Өскемендегі "Қазмырыш" зауытында жарылыс болды
видео кадры

Өскемендегі "Қазмырыш" зауытында жарылыс болды. ТЖМ зауыттардың бірінің аумағында шаң жинау қондырғысында жарылыс болып, арты өртке ұласқанын, кейбір жерлер ішінара опырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Кейінірек ТЖМ "Қазмырыш" ЖШС аумағындағы өрт оқшауланғанын хабарлады.

"Зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына 40 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы анықталып жатыр. ТЖМ жанынан жедел штаб құрылды", - деп жазылған хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша 4 адам медициналық мекемеге жеткізілген.