Өскемендегі Қазақстан орталық көшесіне 38 түп қарағай отырғызылды

Ақтоты Жапатова 01 мам. 2025 11:46 220

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялардың және Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының өкілдері Өскемен қаласынлағы  Қазақстан көшесіне 38 түп қарағай отырғызды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

- Көгалдандыру және абаттандыру мәселесі біздің жұмысымыздағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Жасыл аумақтар жайлылық пен экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, қалаға ерекше көрік береді. Бұндай бастамалар бірлескен күш-жігердің арқасында елді мекендерді ерекше түрлендіруге болатынын көрсетеді, - деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының барлық елді мекендерін жасылдандыру жұмыстары жалғасын табады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар