Астанада Тілендиев даңғылында «КАМАЗ» жүк көлігі велосипедпен жүрген баланы қағып кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жанармай құю бекеті бағытына оңға бұрылған кезде жаяу жүргіншілер өткелі арқылы велосипедтен түспей өтіп бара жатқан баланы байқамай қалған.
Жол апаты салдарынан жасөспірім ауруханаға жеткізілді.
Оқиға бойынша тексеру жүргізілуде.