Өскеменде зауытта өрт шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Малдыбаев көшесінде орналасқан конденсатор зауыты аумағында өрт шыққан. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде екі қабатты қойманың шатыры жанып жатқаны анықталған.
Өртсөндірушілер бірден іске кіріскен.
Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында өрт 720 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.