Өскеменде дауылдан кейін 300-ге жуық абонент әлі жарықсыз отыр

Өскеменде дауылдан кейін 300-ге жуық абонент әлі жарықсыз отыр
pixabay.com

Өскеменде дауылдың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Қалада 300-ге жуық абонент әлі күнге дейін электр жарығына қосылмаған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Еске салайық, 5 тамыз күні Өскеменде қатты жел соғып, нөсер жаңбыр мен ірі бұршақ жауған. Табиғат құбылысы салдарынан ағаштар құлап, электр желілері зақымданған. Қаланың бірқатар көшесін су басқан.

Басылымның мәліметінше, 6 тамыз кешіндегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында 1300-ден аз абонент электр жарығынсыз қалған. Қалпына келтіру жұмыстары күшейтілген режимде жалғасып жатыр.

Сондай-ақ бірнеше бау-бақша серіктестігінің тұрғындары бір тәуліктен астам уақыт жарықсыз отырған.

«Өскемен бойынша әзірге 300 абонент электр желісіне қосылмаған. Жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде», – деп хабарлады «ШҚ АЭК» АҚ баспасөз қызметі.