2025 жылдың 21 шілдесінде Өскемен шахмат әлемінің орталығына айналды: мұнда «Oskemen Open 2025» халықаралық фестивалі басталды. Бұл турнир – Қазақстан кубогы-2025 жарысының екінші кезеңі, ол Шығыс Қазақстан облысында екінші жыл қатарынан планетаның үздік ойыншыларын жинауда. 21-29 шілде аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде гроссмейстерлер, жас дарындар және әуесқойлар бас қосатын шахматтық сайыстар өтеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Фестивальдің жалпы жүлде қоры 100 000 АҚШ долларына жетеді. Masters турнирі 78 000 долларды үлестіреді: жеңімпаз – 18 000 доллар, екінші орын – 14 000 доллар, үшінші орын – 10 000 доллар алады. 15-ші орын үшін 1000 доллар қарастырылған, ал егер үздік 15-тікке кірмесе, үздік шахматшы қыз да дәл осындай соманы иеленеді. Challengers турнирінде 15 000 доллар жүлде тігілген, оның 4000-ы көшбасшыға беріледі. Open турнирінде 7000 доллар ойнатылады, басты жүлде – 2000 доллар. Әйелдер мен жергілікті ойыншыларға арналған қосымша марапаттар жарысқа айрықша тартымдылық береді.
«Oskemen Open мықты шахматшылар мен жас таланттар үшін маңызды тартылыс нүктесіне айналып, өңірдің спорттық және зияткерлік өмірінде ерекше орын алды. Бұған облыс әкімдігінің және демеушілердің тұрақты қолдауы айтарлықтай ықпал етті. Қалыптасқан синергия турнирдің тек өткізілуіне ғана емес, оны жылдың ең көп күтілетін шахматтық оқиғалардың біріне айналдыруға мүмкіндік берді. Алдағы ойындар барлық қатысушылар мен жанкүйерлер үшін шынайы шахмат мерекесіне айналсын», – деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.
Ұйымдастырушылар және қолдау көрсетушілер:
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
- Қазақстан шахмат федерациясы
- Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Бас серіктестер:
- Freedom Holding Corp.
- Grand Mobile — шынайы өмірді модельдейтін мобильді ойын
Ресми серіктестер:
- ҚазЦинк
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ)
KazChess ұйымдастырған, ҚР Туризм және спорт министрлігі мен ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтетін фестиваль үш турнирді қамтиды: Masters (рейтингі 2400-ден жоғары), Challengers (рейтингі 1900-2399) және Open (рейтингі 1400-1899). Барлық жарыстар 9 турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша классикалық уақыт бақылауымен өтеді: бір партияға 90 минут және әр жүріске 30 секунд қосымша уақыт. Мұндай формат көрермендерді баурап алатын шиеленісті әрі стратегиялық партиялар болатынын білдіреді.
Негізгі Masters турнирі 20 елден келген 79 ойыншыны жинады, олардың қатарында 21 гроссмейстер, 35 халықаралық шебер және 3 әйелдер гроссмейстері бар. Жиырма шахматшының рейтингі 2025 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша 2500-ден жоғары. Көшбасшылар қатарында:
- GM Рихард Раппорт (2715, Венгрия), әлемдік тәж үшін үміткерлер турнирінің қатысушысы.
- GM Аркадий Найдич (2629, Болгария), жеңістері мол тәжірибелі шебер.
- GM Антон Демченко (2610, Словения), айқын шабуылдық ойынымен танымал.
- GM Нараянан Сунилдут Лина (2597, Үндістан), шахматта жанып келе жатқан жұлдыз.
- GM Сергей Азаров (2590, Беларусь), позициялық айқастардың маманы.
- GM Алексей Гребнев (2582, FID), Dubai Open 2025 жеңімпазы.
- IM Фаустино Оро (2465, Аргентина), 11 жасар вундеркинд, рекорд иегері: 2300 рейтинг алған ең жас ойыншы (9 жас 6 айында), халықаралық шебер атанған ең жас шахматшы (10 жас 8 ай 16 күнінде), және com сайтында блиц бойынша 3000 рейтинг иегері.
- Қазақстандық көшбасшылар: GM Денис Махнёв (2535), GM Әлішер Сүлейменов (2497), IM Арыстанбек Оразаев (2490), IM Алдияр Аңсат (2489), IM Жандос Азманов (2483), Азамат Өтеғалиев (2462), GM Рамазан Жалмаханов (2456).
- Әйелдер арасында: IM Батхуягийн МонгонТуул (2356, Моңғолия), WGM Нандхидхаа Паллатур Венкатачалам (2330, Үндістан), WIM Афруза Хамдамова (2326, Өзбекстан, Aktobe Open 2025 жұлдызы), және де қазақстандық шахматшы қыздар WFM Зарина Нұрғалиева (2336), WGM Ксения Балабаева (2332), WGM Алуа Нұрман (2306), WFM Елназ Қалиахмет (2306) и WIM Әмина Қайырбекова (2273).
Challengers турнирі 93 қатысушыны жинады. Фавориттер қатарында – IM Аадитья Дхингра (2398, Үндістан) және IM Элдияр Орозбаев (2367, Қырғызстан). Моңғол үштігі – FM Наранболд Содбилегт (2363), WCM Бат-Эрдене Мунгунзул (2337) және WGM Турмунх Мунхзул (2236) – таңқалдыруға дайын отыр. Қазақстанды тәжірибелі ойыншылар мен болашағынан үміт күттіретін жастар таныстырады, бұл қызықты партиялар күту аламыз деген сөз.
Ең ауқымды турнир – Open 1400-1899 рейтингі бар 99 ойыншыны біріктіреді. Мұнда әркім өзін көрсетуге, жүлделер үшін таласуға және үлкен шахмат сахнасының дәмін сезінуге мүмкіндік алады.
Oskemen Open 2025 – бұл жай ғана турнир емес. Бұл – шеберлер мен жаңадан бастаушыларды, тәжірибе мен амбицияны, стратегиялық ой мен шабытты біріктіретін шахмат мерекесі. Өскемен жаңа шахмат аңыздары дүниеге келетін орынға айналды, мұндағы әр жүріс – тарихқа жасалған қадам.
Серіктестер мен ұйымдастырушылардың қолдауы арқасында фестиваль әлемдік деңгейге шығып, 20 елдің ойыншыларын және мыңдаған жанкүйерлерді тартып отыр. Мұнда бәрі бар: шиеленісті дуэльдер, күтпеген дебюттер, жеңіс қуанышы мен жеңілістен алынған сабақтар. Oskemen Open 2025 – шахмат ырғағында жүректерді соқтыратын, ойнайтындарды да, ойынды бақылайтындарды да шабыттандыратын оқиға. Оны жіберіп алмаңыз – бұл дәл қазір жазылып жатқан тарих! Кубоктың бірінші кезеңін Aktobe Open 2025 – маусым айында сербиялық гроссмейстер Алексей Сарана (рейтингі 2686) жеңіп алған еді. Енді Өскеменде кім триумфатор атанады?