Бұл демократиялық жариялықтың арқасында жергілікті атқарушы билікті халық сайлайды деген сөз.
Бұл жерде нақты айтуымыз керек, билік орталықсыздандыруды күшейтіп жатыр. Тағайындалмалы әкімдердің орнына сайланбалы дәстүрмен аймақ менеджерлері, саяси тұлғалардың келу науқаны басталады.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының арнайы отырысында, әкімдерді 25 жастан жоғары, мемлекеттік қызметтегі еңбек стажына қарай, кез-келген саяси партияның, немесе өзін-өзі ұсынушылардың қатысуымен жүзеге асыратыны туралы айтып өтті. Яғни, сайланбалы қағидалар әділдік, ашықтық және заңдылық нормаларымен орындалмақ.
Егер саяси даму тарихымен айтсақ, бұл елімізде тұңғыш рет аудан мен қалалардың әкімдерін сайлауы өтпек.
Демократиялық сатылай дамудың үлкен бір қадамы, әкімдер сайлауы болса, саяси реформалардың нәтижеге қимылдап отырғаны емес пе?! Бұл сайлаудан тек қазақстандықтар, еліміздің болашағы ұтады!
Мақсат Жақау, саясаттанушы