Ордбасы ауданына салынған 10 млрд. теңге инвестиция қалай игерілді?

Dalanews 15 қар. 2018 05:52 915

Ордабасы ауданында 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында тартылған инвестиция көлемі 10 млрд. 329 млн. 900 мың теңгеге жетіп, 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 113,6 пайызды құрады (облыс көлемінде 5 орын).

Ауданда 60 инвестициялық жобаға 3 млрд 093 млн. 431 мың теңге қаралған болатын. Осы тартылған инвестицияға 10 мектеп құрылысы, 2 елді мекеннің (Боралдай, Арыстанды) су өткізгіштер тораптарының құрылысы, 3 елді мекенді газбен қамтамасыз ету ішкі жүйелерімен жеткізуші желілілерінің құрылысы, Теспе, Ықыластемір елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы, 39 нысанға ЖСҚ жасату, Темірлан ПМК аумағындағы электр желілерінің құрылысы және Шұбарсу ауыл округін электр желілерімен қамтамасыз ету құрылысы салынған.

Бұдан басқа Самал 2,3 мөлтек аудандарының инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы, Бадам ауыл округі Ордабасы тарихи-мәдени қорық алаңын абаттандыру нысанының құрылысына, Бадам ауыл округінен 2 қабатты 12 пәтерлі 1 тұрғын үй, Темірлан елді мекенінен 2 қабатты 12 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысы салынғанын атап айтуға болады. Осылайша ауданға салынған инвестиция әлеуметтік, инженерлік құрылмдардың дамуына оң әсер еткенін байқауға болады.

 

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар