Freedom Inside '26

Ордабасында үш мыңға жуық педагог біліктілігін шыңдады

Ордабасында үш мыңға жуық педагог біліктілігін шыңдады
Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің саны 65 бірлікті құрайды. Оның 48-і орта, 3-уі негізгі, 14-і - бастауыш мектеп.

Биылғы оқу жылында бір бастауыш мектеп, бір негізгі мектеп жалпы орта мектеп болып қайта құрылды. (Достық бастауыш мектебі – Достық жалпы орта мектебі. Ә.Молдағұлова атындағы негізгі орта мектебі – Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі)

65 мектептің 40 – типтік, 25 – ыңғайластырылған, оның ішінде 5-уі саманнан салынған ғимаратта орналасқан.

Биылғы жылы «Достық» мектебіне – 600, «Теспе» мектебіне – 200, Ә.Молдағұлова мектебіне – 200 орындық жаңа ғимараттар салынып пайдалануға берілді.

Жалпы білім беретін мектептерде қыркүйек есебі бойынша 30822 оқушы білім алады (2017 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 1451-ге артқан). Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты міндеттері – біріншіден, мұғалімдерді даярлаудың және біліктілігін арттырудың көп деңгейлі жүйесін іске асыру. Бұл ұстаз мәртебесін көтеріп, оқу сапасын жақсартуға негіз болады. Кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыру – әр ұстаздың міндеті. 2013-2018 оқу жылдар аралығында Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының бағдарламасы бойынша Ордабасы ауданынан курстан өткендер – 53, деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер - 537, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткен педагогтар – 2072. Үштілділік бойынша арнайы курстан өткендер – 78. Робототехника бойынша 39 педагог маман арнайы курстан өтті.

 

Dalanews.kz