Ордабасы ауданының түлегі ҰБТ-дан ең жоғары – 140 балл жинады

Ақтоты Жапатова 20 мам. 2025 10:16

Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 ұпай жинап, республикалық көрсеткіш бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Жәнібек – көпбалалы отбасынан шыққан еңбекқор оқушы. Ол 1-сыныптан бастап сол мектепте білім алып, үздік оқушылар қатарынан көрініп келеді. ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындалған Жәнібек 10-сыныптан бастап бейіндік пәндерін анықтап, информатикаға басымдық берген.

Жәнібек болашақта ІТ саласында маман болуды мақсат етеді және Қазақстандағы беделді жоғары оқу орындарының біріне оқуға түсуді жоспарлап отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар