Freedom Inside '26

Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін

Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін
Фото: almaty.tv

Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасына көшу мәселесі қарастырылып жатыр. Алайда бұл өзгеріс әзірге барлық салаға бірдей енгізілмейді, тек жекелеген бағыттарда пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мұндай жұмыс кестесін енгізу мүмкіндігі қолданыстағы заңнамада қарастырылғанын айтты.

Оның сөзінше, төрт күндік жұмыс аптасына көшу туралы шешім жұмыс беруші мен қызметкерлердің өзара келісімі негізінде, ұйым қызметінің ерекшелігі ескеріле отырып қабылданады.

Алғаш болып жаңа жұмыс тәртібіне көшетін кәсіпорындар бұл тәжірибенің тиімділігін көрсететін пилоттық алаңға айналады. Кейін оның нәтижесіне қарай төрт күндік жұмыс аптасын экономиканың басқа салаларына да кезең-кезеңімен енгізу мүмкіндігі қарастырылады.