Freedom Inside '26

Аэротакси бағасы әлі белгісіз

Аэротакси бағасы әлі белгісіз
Фото: Көлік министрлігі

Қазақстанда іске қосылуы жоспарланған аэротаксимен жүру құны әзірге нақтыланбаған. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, AAAG компаниясы KPMG (Оңтүстік Корея), Korean Airports Corporation (Оңтүстік Корея) және UrbanV (Италия) халықаралық консультанттарымен бірге әлемдік тәжірибені және Қазақстан нарығын зерттеп жатыр.

Министрліктің мәліметінше, жол жүру тарифі коммерциялық әуе такси қызметі іске қосылар алдында бекітіледі. Ал жобаны іске қосу 2028 жылдың соңы немесе 2029 жылдың басына жоспарланып отыр.