Ордабасы ауданы орталығы Темірланда үш мектептің құрылысы басталды

Dalanews 15 қаз. 2018 10:21 357

Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында үш мектептің құрылысы басталды.

Қазіргі таңда аудан орталығындағы Амангелді Иманов атындағы және «Темірлан» жалпы орта мектептері үш ауысымда білім беруде. «Темірлан» мектебінің 600 орындық жаңа ғимаратының құрылысын «А.Р.Т. Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінге дейін бұл мектептің оқушылары ыңғайластырылған ғимаратта білім алып келді.

Ал, Байкал аумағынан салынатын 300 орындық мектеп Амангелді Иманов атындағы мектептегі үш ауысымдық оқыту мәселесін шешеді деп күтілуде.

Бұл мектеп 640 балаға арналған, қазіргі таңда 1542 оқушы білім алуда. Мұндағы құрылыс жұмыстарын «МТС-Төлеген» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Сонымен қатар, аудан орталығынан 600 орындық тағы бір типтік мектеп құрылысын «Авторемстрой ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастады. Бұл үш нысан 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Аталған мектептер салынып біткенде Ордабасы ауданындағы үш маусымды мектептердің саны кеміпіп, жағдай біршама реттеледі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі үш аусымды мектептерді жою турасында тапсырма бергені белгілі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жас ұрпақ үшін жасалынып отырған маңызды қадам деп қарастыруға болады.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x