Freedom Inside '26

Оралда мектеп оқушылары көлік ұрлап, полициядан қашқан

Оралда мектеп оқушылары көлік ұрлап, полициядан қашқан
видео кадры

Оралда мектеп оқушылары тұрақта тұрған жеңіл көлікті заңсыз айдап кетіп, полиция қызметкерлерінен қашуға әрекет жасаған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға 29 маусымда Есенжанов көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша жасөспірімдер тұрақта тұрған Lada Priora көлігін заңсыз иемденіп, қыдыру мақсатында айдап кеткен.

Көлік иесі жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін көлігі жоғалғанын байқап, бірден полицияға хабар берген.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті жасөспірімдерді ұстады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.