Орал қаласы қоқыстың астында қалуы мүмкін

Dalanews 19 жел. 2025 07:47

Орал қаласында 35 гектар аумақта орналасқан жалғыз қоқыс полигоны толып қалған. Қала әкімдігі енді не істейміз деп бас қатырып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz "Жетінші арна"-ға сілтеп.  

Телеарнаның хабарлауынша, Оралдың қоқыс полигоны 1975 жылы ашылған, ол 35 гектар аумақты алып жатыр. Қазір полигон іс жүзінде толlы, ал жазда полигон жиі өртенеді. Сондықтан қала қоқысты шығару үшін біраз жылдан жаңа орынға мұқтаж. Әкімдік қуаттылығы жылына жүз мың тоннаға дейінгі қалдықтарды сұрыптау кешенін сала алатын екі шетелдік компаниямен келіссөздер жүргізуде. Болашақта қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату да жоспарланып жатыр екен. Екі компанияның қайсысы жаңа полигон салатыны әлі белгісіз.

Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу рәсімдері басталған. Әкімдік, сондай-ақ, жер учаскелерін бөліп, нысанды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізбекші.

"Нысан жалғыз, ал оны іске асыруға екі кәсіпорын қатысқысы келеді. Барлық қажетті құжаттарды бірінші болып ресімдейтін, оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіретін және қаржыландыруды қамтамасыз ететін компания жобаны іске асыруға кірісе алады. Осыдан кейін ғана құрылыс жұмыстары басталады", - деп хабарлады Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар