Орал әуежайында Қазақстанды балағаттаған шетелдік азамат ұсталды

Орал әуежайында Қазақстанды балағаттаған шетелдік азамат ұсталды
ІІМ

Орал әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған 52 жастағы шетел азаматы жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол Ыстамбұл – Орал бағытындағы әуе рейсімен ұшып келгеннен кейін паспорттық бақылаудан өту кезінде ұсталған.

Бақылау залында ер адам Қазақстан Республикасын балағаттап, қорлайтын сөздер айтқан.

Полиция қызметкерлері ұсталған адамды кезекші бөлімге жеткізіп, оған ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Сонымен қатар, шетел азаматымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

"Сот шешімімен шетелдік азамат құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар, оған алдағы уақытта мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ескерту берілді", - деді полиция.