"Алғашқы тоқсан 5 қарашада аяқталады. Санитариялық дәрігерлердің талаптары бойынша оқушылар негізінен қашықтан оқуда. Ата-аналардың талап-тілектері бойынша 1-4 сынып оқушылары санитариялық талаптардың сақталуымен кезекші сыныптарда білім алып жатыр. Бір сыныпта оқушылардың саны 15-тен аспауы керек.
Екінші тоқсан бойынша денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күтіп отырмыз. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер тиісті қаулы шығарады.
Денсаулық сақтау министрлігінен шешім шыққаннан кейін оны бірден хабарлайтын боламыз", - деді білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.
Оның айтуынша, карантин шектеулері жағдайында оқыту форматы туралы шешімді бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қабылдайды.
"Мектеп жұмысының форматы кинотеатрлар, сауда орталықтары, фитнес-орталықтар секілді санитариялық дәрігерлердің шешімі мен эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Тек шынайы ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқан адамдардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", - дейді Гаухар Омарбек.