Оқытудағы өзгерістер: білім берудің жаңа міндеттері, тың мәселелері

Dalanews 20 там. 2020 12:00 893

Биыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тамыз конференциясы бүгінгі күннің ең өзекті тақырыбы – «Оқытудағы өзгерістер: білім берудің жаңа міндеттері мен тың мәселелеріне» арналды. Дәстүрлі конференция пандемия жылында алғаш рет онлайн форматта ұйымдастырылып, нәтижесінде алғаш рет NIS жүйесіндегі барлық ұстаздар қатысуға мүмкіндік алды. Білім берудің жаңа міндеттері мен тың мәселелеріне жалпы 3500 қатысушы қосылды: Зияткерлік мектептердің педагогтары, ата-аналар комитетінің, Білім және ғылым министрлігі мен білім беру департаменттерінің, серіктес ұйымдардың өкілдері.



«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шамшидинованың басты баяндамасы қазіргі білім берудің жаңа жағдайлары мен жаңа мүмкіндіктеріне бағытталды. Сонымен қатар, пленарлық отырыста Білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары Зухра Шегенова мен Педагогикалық өлшеулер орталығының директоры Айдана Шилибекованың қашықтан оқыту жағдайында функциондалдық сауаттылық пен бағалауға жүйесін дамытуға баса назар аударылған баяндамалары тыңдалды. ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Питер Мехистоның «Бірге оқытамыз» тақырыбындағы баяндамасы конференцияға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

«Қашықтан оқыту – жаңа қалыптылық» тақырыптық алаңында күн тәртібіндегі басым бағыттар талқыланды: зерттеушілік және әдістемелік қолдау, медициналық-санитариялық және психологиялық сүйемелдеу, топтық өзара әрекеттесу, қашықтан оқыту жағдайындағы биохакинг. Алғашқы онлайн тамыз конференциясында қатысушылардың педагогтың цифрлық этикетін ұжымдық талдауы заңды болды.



Өткен жылы алғаш рет енгізілген «Үздік тәжірибелер панорамасы» өз атауын толықтай ақтай білді, биыл да онлайн көрмеде Зияткерлік мектептердің тәжірибесінен алынған үздік кейстер көрініс тапты.

Тамыз конференциясының алты тақырыптық алаңдағы жұмысы кәсіби шеберліктің тиімді сабақтарына айналды. Пән мұғалімдері дербес білім беру, бағалау құралдарын әзірлеу, ата-аналармен ынтымақтастық орнату, қолайлы және қауіпсіз мектеп ортасын құру және өзге де өзекті басымдылықтар аясында білімдерін кеңейтті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Зияткерлік мектептердің мұғалімдері кәсіби жетістіктері үшін Білім және ғылым министрлігі мен дербес білім беру ұйымының тарапынан марапаттарға ие болды.

Тамыз конференциясының барлық баяндамалары мен кәсіби кейстері бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барша ғаламтор платформаларында қолжетімді.





 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар