Оңтүстікте тағы бір сарбаз оққа ұшып қайтыс болды

Оңтүстікте тағы бір сарбаз оққа ұшып қайтыс болды
Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз қайтыс болды. Еліміздің Бас прокуратурасы істі қатаң бақылауға алған, деп хабарлайды Dalanews.kz

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз қайтыс болды. Еліміздің Бас прокуратурасы істі қатаң бақылауға алған, деп хабарлайды Dalanews.kz

Оқиғаның алдындағы мән-жайларды объективті және жан-жақты (комиссиялық) анықтау мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына шықты.

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады - деп жазылған ресми хабарламада.

Сонымен қатар, бұл топтың алдына еліміздің тиісті әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақталуына жан-жақты тексеруді ұйымдастыру тапсырылды.

Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралатын болады.