Оның айтуынша, сәулеттік жобалардың арасында Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени туризмді дамыту тұжырымдамасы, «Қасқасу» демалыс аймағы, Шымкент қаласындағы шатқалдарды көгалдандыру мен жаяу жүргіншілерге арналған «Арбат» типіндегі жолдар, «Ескі қала» аумағы бар.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес облыс аумағындағы 500 ескерткіш анықталып, оның ішінде 100 нысанның тізімі облыстық мәдениет басқармасымен бірлесіп жасалды. Олардың қатарында аудан орталықтарындағы салынатын «Достық үйі» жобасы, «Қазығұрт» тарихи-этнографиялық кешені, «Карауыл төбе», «Қошқар ата» өзенінің бойын және «Ордабасы» мемориалдық тарихи-мәдени кешенін абаттандыру мен көгалдандыру, «Көне Түркістан» қалашығын қалпына келтіру, «Ұлы дала» саябағының нобайы сынды жобалар әзірленді», - деді Бақтыбай Елікұлы.
Сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктерінің тарапынан мемлекеттік құрылыс нормалары сақталмай салынған құрылыс нысандар бойынша қарау және шаралар көруге тиісті мекемелерге хаттар жолданған. Нәтижесінде 138 құрылыс нысанына тиісті шаралар көріліп, 272 құрылыс нысаны бойынша әлі де жұмыстар атқарылуда.
Басқарманың мәлімдеуінше аудандық, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне өткен жылы «Құрылыс және реконструкция жобаларына бастапқы материалдарды беру туралы» 4004 өтініш түсіп, оның 3418-і қанағаттандырылған.
Сондай-ақ, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан өткен жылы барлық жоспарланған 4187 құрылыс нысаны бойынша жүргізілетін қаржы көздері зерттеліп, нәтижесінде 3395 нысан жеке қаржы есебінен, 782 нысан мемлекеттік қаржы есебінен салынып отыр.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
https://dalanews.kz/33541