Freedom Inside '26

Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі жағдайға «Қазақмыс» түсініктеме берді

Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі жағдайға «Қазақмыс» түсініктеме берді
Ашық дереккөз.

Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі жағдайға «Қазақмыс» түсініктеме берді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Компанияның мәліметінше, осыған байланысты еңбек ұжымы өкілдерімен арнайы жұмыс кездесуі ұйымдастырылған.

Кездесу барысында тараптар өндіріс қызметкерлерін алаңдатқан мәселелерді ашық форматта талқылап, ұсыныстар мен бастамаларға назар аударды.

«Қазақмыс» компаниялар тобының хабарлауынша, жұмысшылар тарапынан айтылған барлық ұсыныстар белгіленген тәртіпке сәйкес қарауға қабылданып, одан әрі пысықталатын болады.

Компания өкілдерінің айтуынша, көтерілген мәселелердің басым бөлігі өндірістік жабдықтардың техникалық жағдайына қатысты болған. Бұл жағдай ұзақ жылдар бойы жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан қалыптасқан.

Осыған байланысты компания басшылығы еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыру және кәсіпорындардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық бағдарламаны кеңейтуді және оны жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар компания еңбек ұжымымен өзара іс-қимылды жалғастыратынын мәлімдеді.

«Компания қолданыстағы корпоративтік тетіктер мен әлеуметтік әріптестік шеңберінде еңбек ұжымы өкілдерімен өзара іс-қимылды жалғастыра береді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Жезқазған кенішінің жұмысы штаттық режимде жалғасып жатыр. Өндірістік үдерістер бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

«Қазақмыс» компаниялар тобы еңбек ұжымымен ашық диалог қағидатын ұстанатынын атап өтті. Компания еңбек қауіпсіздігін арттыру, өндірісті дамыту және қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерін жұмысшылармен өзара іс-қимылдың маңызды бағыты ретінде қарастыратынын мәлімдеді.