Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша үкімге шағымданды

Көркем Алдабергенова 02 ақп. 2026 17:22

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Кон Хи сыбайлас жемқорлық ісі бойынша өзіне шығарылған сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы ол дүйсенбі күні ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот Ким Кон Хиді Бірігу шіркеуінен қымбат сыйлықтар қабылдағаны үшін кінәлі деп танып, 20 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын.

Экс-бірінші ханымның қорғаушылары сот шешімімен келіспейтінін айтып, айыптау үкімін толықтай жоққа шығаратынын мәлімдеді. Олардың сөзінше, Ким Кон Хи ешқашан құны 62,2 миллион вон тұратын алқаны алған емес.

Адвокаттар апелляция барысында дәл осы жайтты негізгі уәж ретінде алға тартып, соттың бұрынғы шешімін қайта қарауды талап етпек.

Қазіргі уақытта апелляциялық соттың шағымды қашан қарайтыны әзірге белгісіз. Іс Оңтүстік Корея қоғамында кең резонанс тудырып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove