Оңтүстік Кореяда 11 мың қазақстандық заңсыз жүр

Сағыныш Сардарова 09 қаз. 2025 12:42

Оңтүстік Кореяда бүгінде шамамен 15 мың қазақстандық бар, олардың 11 мыңы елде заңсыз жүргендер қатарында. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан тарапы Кореямен еңбек қызметін заңдастыру жөніндегі келісімді екі жыл бойы талқылап келеді. Алайда Кореядағы саяси өзгерістер келіссөз процесін уақытша баяулатқан.

"Күздің соңына дейін келіссөзді жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Өйткені елімізден барған 15 мың адамның 11 мыңы заңсыз жұмыс істеп жүр", — деді Ертаев.

Шенеунік Корея үкіметі Қазақстаннан заңсыз жүрген азаматтар бойынша нақты шара қабылдауды талап еткенін атап өтті.

"Заңсыз жүру - көші-қон ережелерін бұзу. Сондықтан азаматтарға өз еркімен елге оралып, кейін келісім аясында ресми түрде жұмысқа орналасуға кеңес береміз", — деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар