Қордың биылғы жұмысымен танысу үшін «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ еншілес ұйымының «Азық-түлік компаниясы» ЖШС азық-түлік тұрақтандыру қорының сауда нүктелеріне облыс әкімінің баспасөз қызметі БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз турын ұйымдастырды.
Айта кетерлігі, тұрақтандыру қорында көкөністер сәуір айының ортасына дейін сақталады. Жазғы егіннің келуіне дейін жыл сайын нарықта көкөністердің жетіспеушілігі және бағаның өсуі байқалады. Қазіргі уақытта облыстың тұрақтандыру қорының дүкендеріндегі қалған тауар көлемі 4 884,3 тоннаны құрайды.
Ал тауарлардың сатылу бағасына келсек, картоптың 1 келісі - 85 теңгеден, пияз – 50 теңге, сәбіз – 80 теңге, күріш – 180 теңге, сиыр еті – 1390 теңге, құмшекер бағасы 215 теңгеден сатылуда. Осылайша тұрақтандыру қоры нарықтағы бағадан төмен етіп, халыққа тауар ұсынып келеді. Тауарлар «Фиркан» сауда желісі, «Жібек жолы», «Айна», «Алаш», «Қырғы базар», «Самал», «Қазыбек», «Авто-Нұр», «Барыс», ИП «Жақсылық» базарлары мен Шымкент қаласындағы жәрмеңкелер арқылы сатылуда.
Қазіргі уақытта облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының күрт өсуі байқалмайды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі