Өнертанушы Меккеге барып видео түсірген Қайрат Нұртасты сынады

Dalanews 26 мау. 2016 08:11 994

Бүгінде Мекке-Мәдина қаласында мұсылманның бес парызының бірі – қасиетті Қажылық басталды. Бұл кіші қажылыққа жыл сайын 5 миллионнан астам мұсылман аттанады. Оның қатарында биыл еліміздің шоу-бизнес өкілдері де бар. Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” жобасында айтылды.

Атап айтатын болсақ, ең бай жұлдыздардың көшін бастап тұрған әнші Қайрат Нұртас, “тойдың патшасы” атанған Абай Бегей және “Жігіттер” тобының белді мүшесі Айдар Байжанов.

Бүгінде Мекке-Мәдинада қажылық міндетін атқарып жүрген Қайрат Нұртастың бұл әрекеті елдің назарына ілінбей қоймады. Кептерлерге жем шашып, сауапқа кенелуді көздеген әншінің ісі біреулердің ашу-ызасын туғызды.

Дәстүрлі әнші әрі өнертанушы Ерлан Төлеутаев эстрада жұлдызы Қайраттың  Меккеден түсірген бейнежазбаларын сынға алды. Оны тәуап ету үшін емес, саяхаттауға келгендей деп баға берді.

“Жем шашатын болса елімізде-ақ шашсын, сонау Мекке бармай. Айтыскер ақындардан: Балғынбек, Тазабеков, Қайыртайұлы. Саусағын былай көрсетудің өзі әбестік қой. Адамның жүрегі жылап бару керек Алланың алдына.

Қазіргі фонерщик өнерпаздарды  мен айтқанмын. Аузын жыбырлатып ақша тауып  ол “харам” жолмен ақша тауып  артық ақша оны қайда шығарады  мақтанға шығарады,  мақтанның шыңы не қажы болу”, – дейді өнертанушы Ерлан Төлеутай.

“Қажылыққа барғаннан кейін  сіз бүкіл мүшеңізбен, бүкіл ағзаңызбен, құлшылықтасыз деп ойлаймын. Басқа нәрсеге көңіл бөліп қажеті жоқ”, – деп қоштай түсті “Заман” тобының әншісі Ерген Айтымбетов.

Сазгер Қалдыбек Құрманәлі  бүгінде өнер адамдары арасындағы кейбір “қажылар” қажы деген атаққа лайық емес деген пікірде. Себебі, қажы өзінің мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен, сөзімен, адамдар арасында жақсы  қарым-қатынасымен, жалпы болмысымен үлгі болуы тиіс. Алайда, сазгердің сөзінше, мақтан үшін, атақ үшін қажы атанғандар жетерлік.

“Қажылыққа барып, келіп те  ішімдік ішіп жүрген адамдарды білемін. Қажылыққа барып қайтқан, қажылыққа барып келіп те саунаға, ақшаға карта ойнап жүрген болмаса, казино жағалап жүрген өнер адамдарын білеміз”, – дейді сазгер Қалдыбек Құрманәлі.

Әнші Абай Бегей сазгердің бұл пікіріне мүлдем қосылмайды. Ол кіші қажылыққа осымен екінші рет аттанып жатыр. Өткен жылы белгілі себептермен қажылығын аяқтай алмаған болатын.

“Ол жаққа бармаған адам біреудің сыртынан айту оңай. Ақшаны қайдан тапса да бастысы ол жаққа барды. Оны алла тағала шақырды”, – дейді Абай Бегей.

Ал, енді әлеуметтік желіде көп елдің күлкісін келтірді. Алайда, анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекованың мұндайларға өз айтары бар.

“Айта берсін. қанша жақсы нәрсе жасасаң да халықтың айтқаны айтқан. Билет жоқ болып, біреулер арқылы алдыртып, солай кетті. Видео түсіруі оған еліктейтіндер бар. Сол үшін түсіреді”, – дейді продюсер Гүлзира Айдарбекова.

 

Дереккөзі: stan.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар