Өнер жұлдыздары сахнаны ХҚО-ға ауыстырды

Dalanews 01 қар. 2018 14:38 1214

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының  Шымкенттегі филиалында «Жұлдыздардың ХҚО-дағы бір күні» атты республикалық акциясы өтті. Бұл күні отандық эстрада жұлдыздары Халыққа қызмет көрсету орталығы операторларының кейпіне енді.

Акцияға атақты әнші Азизхан Шекербеков, «Нысана», «Шаншар», «Шымкент-шоу» театрларының актерлері Дәурен Жұмаділов, Нұрбол Айтұлов, Абай Аязбаев, Нұржан  Құлшынбаев, Жарас Ахметов, Нартай Сүлейменов және  əлем чемпиондары белгілі боксшы Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев, боксшы Закир Сафиуллил, Бекдәулет  Ибрагимов, сондай-ақ, Шымкент мәслихатының депутаттары қатысты. Шоу-бизнес жұлдыздары азаматтардың құжаттарын қабылдап, ХҚО  қызметкерлерінің рөліне үлкен қызығушылық танытты.

Олар фронт-офиске келушілердің мемлекеттік қызметтерге қатысты сұрақтарына жауап беріп, электронды кезек талонын ұсынып, ресепшндегі өтініштерді толтыруға көмектесті.

– Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының ди⁠ректоры Бақыт Басымбек атап өткендей, танымал азаматтар ХҚО мамандарының рөлін тамаша орындап шыққан. «Біздің жұлдыздарымыз керемет жұмыс жасады. Әрине, оларға біздің оператор қызметкерлеріміз белсенді түрде көмектесті, айтқандай- ақ, олар танымал тұлғалармен қуана-қуана жұмыс жасады. Ал бүгін бізге келген қызмет алушылар Азизхан Шекербеков, Біржан Жақыпов жəне басқа жұлдыздар қарсы алғанына таң қалып, олардан естелікке қолтаңба алды, – дейді Басымбек.

Қазіргі таңда шымкенттіктер мемлекеттік қызметтерді 10 фронт-офистен ала алады. Биылғы жылдың 9 айында қаладағы ХҚО мамандары тұрғындарға 1 526 057  мемлекеттік қызмет көрсеткен.

 

Алтынай ТАТАЕВА, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының PR-менеджер

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар