«Өнегелі ұрпақ»: Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетілді

Жарбол Кентұлы 30 сәу. 2024 17:25 2671

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы және Алматы Алатау ауданындағы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында әкімдік қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жалғыз тұратын зейнеткерлердің тұрғын үйлерінің аулаларын тазалауға және ретке келтіруге көмек көрсетуді жалғастыруда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта аудан аумағында тұрақты негізде көмек көрсетілетін 147 жалғызбасты қарт адам тұрады.

Сондықтан бұл бастама жалғасады әрі қала тынысына немқұрайлы қарай алмайтын адамдарды осы игі іске өз үлестерін қосуға шақырамыз.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

Барлық ақпарат  almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар