Омбы-Майқапшағай тас жолында болған жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты

Кәмшат Сатиева 04 қаз. 2025 10:01

3 қазанда Омбы-Майқапшағай халықаралық тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Абай облыстық полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиғаға жол ережесін өрескел бұзу фактісі себеп болған:

  • жолдың қарсы бетіне шығу;
  • тұтас сызықты кесіп,  бұрылыс жасау.

"Аталған заң бұзушылықтардың салдарынан төрт адам қаза тапты", делінген хабарламада.

Абай облыстық ПД барлық жол қозғалысына қатысушыларды көлік жүргізу кезінде аса сақ әрі жауапты болуға шақырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар