Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасы демократиялық принциптерді жүзеге асырудың қайтымсыз процесі

Ақтоты Жапатова 21 қаң. 2026 15:01

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың 5‑ші отырысында айтқан саяси реформаларды жалғастыруға арналған бастамаларын қолдайтынын және оларды іске асыруда нақты нәтижелер қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Құрметті әріптестер! Кеше өткен Ұлттық құрылтайдың 5‑ші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  бұған дейінгі ауқымды саяси реформаларының жалғасы болып табылатын бастамаларын жария етті.

Мемлекет басшысы Парламент пен қоғамдық институттардың рөлін күшейту арқылы еліміздің демократиялық жүйесін әрі қарай дамытуға бағытталған маңызды тапсырмалар берді. Бұл бастамалар қоғамдағы әділдік, отаншылдық және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын одан әрі нығайтуға ықпал етеді», – деді Премьер-министр.

Олжас Бектенов сонымен қатар, әрбір министр мен әкімге батыл әрі инновациялық шешімдер қабылдау қажеттігіне ерекше назар аударды.

«Жауапты лауазымды тұлғалар тек жоспар құрып қана қоймай, өз саласында нақты, көзге көрінетін нәтижелер көрсетуі тиіс. Бұл талап өмірдің барлық саласына қатысты», – деді ол.

Премьер-министртің айтуынша, «Таза Қазақстан» жобасы және экономикалық даму бағдарламалары да өңірлерде жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек. Осы арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу қамтамасыз етіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove