"Ол жауапты қызметті атқаруға лайықты емес" дейді қоғамдық белсенді

Dalanews 20 нау. 2020 14:55 844

Алматы қаласы әкімдігі жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің өкілдері қаланы бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымоваға қатысты қызметтік тексеру жүргізу турасында Бақытжан Сағынтаевқа талап қойды. Бұл жайында Қоғамдық кеңестің мүшесі Марат Шибұтова айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

– Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі қаланың бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымованың карантин тәртібін бұзып, қызметіне лайықсыз әрекетке барғаны баршаға мәлім. Ол індет жұқтырған адамдармен бірге ұшып келгеннен кейін жаряланған карантинге сәйкес оқшауланбай, жұмысқа шығып жиналастарға қатысты. Осы іс-әрекетімен ол жауапты қызметті атқаруға лайықты жан емес екенін көрсетті, – деді Марта Шибұтов.


Қоғамдық кеңестің әкімге жолдаған хатында Айзат Молдағасымованың індет тараған қауіпті 1Б санатындағы елге барып, елге келген соң профилактикалық сақтық шараларына пысқырып та қарамағанын атап көрсеткен. Ендігі шешімді Бақытжан Сағынтаев қабылдауы тиіс.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар