Облыс әкімі күнде тұтқындалмайды

Dalanews 22 қаң. 2020 13:16 725

Бүгін Павлодар облысы бойынша жемқорлыққа қарсы департаменттің басшысы Айдар Тастеміров экс-әкім Болат Бақауовтың қалай ұсталғаны жайында журналистер алдында түсініктеме берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz

Журанлистерге арналған брифингте Айдар Тастеміров облыс әкімін ұстауда арнайы жасақ сарбаздары неге тартылғанын түсіндіріп берді.

– Бұл істе негізгі шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитеті қабылдады. Өйткені, облыс әкімі саяси қызметкер екенін білесіздер. Оны тұтқындау барысында айналасындағы адамдар кедергі жасауы мүмкін ғой. Облыс әкімі күн сайын  тұтқындалмайды ғой. Сол себепті құрықтау ісін сенімді жүзеге асыру үшін арнайы жасақ тартылды, – деді департамент басшысы.


Өз кезегінде А.Тастеміров арнайы жасақ Болат Бақауов айғақ заттарды жойып жібермеуі үшін де тартылғанын ескертті.

– Тұтқиылдан тұтқындағанда күдіктінің айғақтық заттарды жойып жібермеіне баса мән беріледі. Өйткені, айыпты жанды тұтқындағанда оның іс-әрекетіне ешкім жауап бермейді, – деді А.Тастеміров.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар