Нұрсейіт Жылқышыбайды сотқа берген Дариға Бадықова жеңілді

Нұрсейіт Жылқышыбайды сотқа берген Дариға Бадықова жеңілді
ашық дереккөз

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды сотқа берген актриса Дариға Бадықова жеңілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы заңгер Инга Иманбай хабарлады. 

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды қорғаған ісіміз бойынша Дариға Бадықованың апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалды. Алматы облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл біздің құқықтық позициямыздың заңды әрі негізді болғанын дәлелдеді, - дейді Инга Иманбай. 

Оның сөзінше, кейде журналистерге қысым азаматтық талап қою арқылы жасалады. 

Нұрсейіт Жылқышыбайдың сөз бостандығы мен кәсіби құқығын қорғап шықтық. Бірінеші сотта да, апелляцияда да жеңдік. Заң эмоциямен емес, дәлелмен жұмыс істейді, - дейді Инга Иманбай.

Еске салайық, екі танымал тұлға арасындағы сот ісіне 2025 жылғы 4 қазанда YouTube-та жарияланған сұхбат негіз болған. Дариға Бадықова видеода айтылған мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп есептеп, материалды өшіруді және журналистің көпшілік алдында кешірім сұрауын талап етті.