«Нұрлы жол» шағын ауданында жаңа аллея ашылды

Dalanews 16 қыр. 2024 07:27 1889

14 қыркүйек күні «Нұрлы жол» шағын ауданында жаңа аллеяның ашылу салтанаты өтті, хабарлайды Dalanews.kz.

Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы қала тұрғындарына «Нұрлы Жол» шағын ауданының жаңа аллеясын таныстырды.

Жаңа аллеяның ашылуында аудан тұрғындары үшін мерекелік бағдарлама, ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар табысталды. Аллеяның ашылуына келген бүлдіршіндер түрлі байқаулар мен ұтыстарға қатысып, аниматорлардың қойылымын тамашалады.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан тұрғындары арасында байқау өткізіліп, «Ең жасыл аула», «Ең жақсы кіреберіс», «Ең қауіпсіз үй», «Ең мейірімді үй» номинацияларының жеңімпаздары анықталды.

Аудан тұрғындары тұрғын үйлер мен ауланы таза және ұқыпты ұстауға ынталандыру мақсатында, жыл сайын 14 қыркүйек күні "Аула күнін" атап өтуді ұсынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар