Нұрлан имам АҚШ-та жастардың некесін қиды

Сағыныш Сардарова 07 ақп. 2024 16:57 3038

Нұрлан имам АҚШ-қа барып, жастардың некесін қиды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видеоны әлеуметтік желіде Нұрлан имамның өзі жариялады. Ал Аяжан Саимова есімді желі қолданушысының сөзінше, имам Филадельфия қаласында уағыз оқыған. Бұл шараға қырғыз, өзбек ағайындар да жиналған.

"Бүгін Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешітінің Бас Имамы Нұрлан Байжігітұлы қажы Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласындағы Аль-Бухари мешітінде қырғыз, өзбек, қазақ жамағатына уағыз айтты. Уағыздан сон Нұрлан қажы бас имам болып жамағатпен намаз оқыды. Бұл кездесу барысында - жақсы адамдардын қасиеттері, түзу жол және Аллаh туралы әңгіме жүргізіп қоймай, жаңа қосылған жастарымыздын ақ некесын қидық! Нұрлан мырзаға және Жұлдызай ханымға АҚШ қазақтарының діни ахуалына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!!! Америка Құрама Штаттары және Филадельфия қазақтары өзіңізді әрдайым күтеді", - деп жазды ол.

Бұған дейін Нұрлан имам Америка президенті Жо Байденнен шақырту алғаны туралы ақпарат тараған еді. Осылайша имам қазір құрама штаттарда жүр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар