Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев экс-Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасына қатысты қылмыстық іс бойынша соңғы мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның сөзінше, Арғын Нығматулинге қатысты Қарағанды облысының хоккей клубына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Арғын Нығматулинге қатысты Қарағанды облысының хоккей клубына бөлінген қаражатты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ол қазір іздеуде», – деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Бұған дейін Антикор төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин Қазақстанда жоқ екенін айтқан болатын.
