Кездесу барысында көптеген қызықты сұрақтар талқыланды.
Атап айтқанда, ауыл тұрғындарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі қатты алаңдатады. Нұрлан Әуесбаев өз сөзінде нақты саяси реформалар жүргізілген кезде ғана жағдайды өзгертуге болатынын айтып өтті.
Сол сияқты Халық парламенті қажет екенін қозғады.
Жиын барысында салынып жатқан автобан мәселесі қозғалды. Оны салғаннан кейін қарапайым адамдардың, ал ең алдымен, мектепке барар жолда осы жолды кесіп өтуге тура келетін балалардың қауіпсіздігі алаңдатады. Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановты халықтың пікірін тыңдау үшін Бестамаққа шақырды.