Нұрайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу маусымда аяқталады. Бұл туралы Сенат дәлізінде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары сотқа жолданады.
Айта кетейік, 11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбай пышақ жарақаттарынан көз жұмды. Қайғылы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Марқұмның туыстарының айтуынша, Нұрай Серікбай 11 рет пышақ жарақатын алған.
Кейінірек полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады.
Бұған дейін күдікті жындыханаға жатқызылғаны, алайда ақыл-есі дұрыс екені айтылды.