Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша жаңа күдіктілер тексеріліп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
CMN.kz мәліметінше, Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс бойынша тергеу әлі жалғасып жатқанын жеткізген. Қазір тергеу аясында қосымша нұсқалар мен жәбірленуші тараптың уәждері жан-жақты қарастырылып жатыр.
Бұл туралы ІІМ министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.
"Жәбірленуші тарап Нұрай күдіктінің үйіне жеткізілген кезде сол маңда болған адамдардың да қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін айтып отыр. Қазір осы және басқа да бірнеше жайт толық тексеріліп жатыр", – деді Санжар Әділов.