Нүкенованың ағасы қарындасы жайлы тағы бір шындықтың бетін ашты

Dalanews 26 қаң. 2024 05:52 9290

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасы жайлы тағы бір жаңа мәліметпен бөлісті. Бұл туралы ол “Что скажете?” арнасына берген сұқбатында жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Ағасының айтуынша, Салтанат Бишімбаевпен консультация кезінде танысқан. 


“Салтанат ер адамдарды қабылдамайтын. Себебі олар артық ойын білдіріп, мазасын алатын болған. Бірақ Бишімбаев Салтанаттың суретін көріп, оған инстаграм арқылы жаза бастайды. Кейін консультация өткізуін сұраған. Бишімбаев бастапқыда онлайн кейін офлайн консультацияға келіскен. Сосын Салтанатқа көңілін білдіре бастаған. Біз Салтанат екеуіміз жақын едік. Бірақ оның тұрмысқа шығамын дегені мені таңқалдырды. Бірінші отбасымен, менімен таныстыру керек қой деп біртүрлі болып қалғанмын. Өйткені Салтанат бұлай жылдам шешім қабылдамайтын. Бишімбаев екі айдан кейін үйленуге ұсыныс жасады. Біз жай ғана көңіл білдіріп жүрген шығар деп қатты мән бермедік. Күйеуі болады деп мүлдем ойламадық. Салтанат оған ғашық болғандықтан, өз бетінше шешім қабылдады” – дейді Айтбек Амангелді.


Өкінішке қарай Салтанат тұрмыс құрағаннан кейін барлығынан алыстап кеткен. Ағасының мәліметінше, қарындасының үйі жақын жерде орналасқанымен, олар өте сирек кездескен.


“Салтанаттың үнемі уақыты болмайтын. Бұған қатты мән бермеген едім. Осылайша ол отбасынан, туғандары мен жақындарынан алшақтата бастады. Мен отбасымының барлық мүшелері үшін геолокация қосып қойғанмын. Бірақ Салтанаттың геолокациясын соңғы бір жылда үнемі бақылап отыратынмын” – дейді ағасы.


Салтанат Нүкенова мен Бишімбаевпен екі жаққа кетуге бел байлап, кейін қайта қосылған. Тіпті өзі бөлек пәтерге шығып, қайтадан жаңа өмірін бастаймын деп шешім қабылдаған екен.


“Барлығы жақсы болды. Бірақ 26 қазан күні Салтанат қосылдық, некемізді тағы қидық деп сурет жіберді. Біз қатты таңқалдық. Салтанат тағы бір рет мүмкіндік беремін деп шешіпті. Қуандықтың отбасында қолдау жоқ, бір-біріне жақын емес деп Салтанат оны аяп жүретін. Оны мен ғана түсінемін, аяймын, қолдаймын дейтін. Кетіп қалсам, менсіз не істейді деп ойлайтын” – дейді ол.


Айтбек Амангелді Бишімбаевтың бұл әрекетінің кездейсоқ болмағанын айтты.


“Бишімбаев Салтанатты жақындарынан алшақтатып, адамдармен араласуына рұқсат бермейтін. Бұл кездейсоқ жағдай деп ойламаймын. Мен Бишімбаевтан қандайда бір ауытқу байқамадым. Тергеу кезінде, оқиға барысында ол есін білді. Тамақ тапсырыс беріп, жан-жақта болып жатқанның барлығын бақылап отырған. Мен психолог емеспін, бірақ ол есін біліп, барлығын саналы түрде жасаған деп ойлаймын” – дейді Айтбек Амангелді.


https://dalanews.kz/news/98637-2024-zhyly-zher-silkinisi-bolatynyn-bilgen

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар