Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ-қа сапары кезінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуден бас тартты. Бұл туралы Haaretz басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz
Басылымның мәліметінше, екі елдің басшылары 28 шілдеде Вашингтонда болғанына қарамастан, ресми кездесу өтпеген. Нетаньяху мұны жұмыс кестесінің тым тығыз болуымен түсіндіріп, оған Зеленскиймен жеке кездесу енгізу мүмкін болмағанын айтқан.
Соған қарамастан, Украина президенті Израиль премьер-министрімен АҚШ сенаторы Линдси Грэмді ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде қысқаша тілдесуге мүмкіндік алған.
Әзірге тараптар бұл кездесудің не себепті ұйымдастырылмағанына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.