Назарбаевтың қыздары мен күйеубалалары ешқандай ақша қайтармайды - Әбілов

Көркем Алдабергенова 22 там. 2024 11:21 4364

Қайрат Сатыбалды Қырғызстанның жылдық бюджетіндей ақшаны жымқырған. Бұл туралы саясаткер Болат Әбілов Orda.kz-ке берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Әбілов Сатыбалды 2 миллиард доллар ақша қайтарғанын атап өтті.

«Ол ақшаның бәрін қайдан алды? 90-жылдары менің алдыма келген (Қайрат Сатыбалды), біз оны Австрияға оқуға жібердік.  Талантсыз, білімсіз адам еді. Ал енді 2 миллиардтың иесі болып отыр. Мемлекетке 2 миллиард қайтарды, ал әлі қайтармағаны қаншама? Ол әлі супер бай адам. Әулеттің адамдары өте ашкөз. Бәрін жақсы білемін. Олар алып үйренген, солай болуы керек деп есептейді. Яғни президент 30 жыл елді басқарады, бәрі тек соларға тиесілі деп ойлайды. Бәріне "өз еңбегімізбен жеттік" деп есептейді. Сондықтан әлі қалтасында бірнеше миллиарды қалды деп ойлаймын. Себебі Сатыбалдының қоластындағы адамның криптасында 500 миллион доллар табылған болатын. Ол активтерін қоластындағылардың шотына салып қойған», - дейді Әбілов.

Болат Әбіловтің сөзінше, Қайрат Сатыбалдының бостандыққа шығуы туралы шешім шығарғандар онымен келісімге келген болуы мүмкін.

«Қайрат, келісіп алайық, сен 2 миллиард доллардай қайтарасың» деген. Осылайша Сатыбалды біртіндеп қайтарған. Менде басқа сұрақ туындайды: сонда басқалары қанша қайтаруы керек? Менің ойымша, әулеттегілер Қайраттың ақшасын қайтару арқылы мемлекетпен есептескен. Қыздар, күйеубалалар ешқандай ақша қайтармайды. Әрине, бұл қоғамға ұнамасы белгілі. Қайрат осынша қайтарса, сонда қыздары, күйеубалалар қанша қайтаруы керек? Президенттің (экс) өзі қанша қайтаруы керек еді?», - дейді Әбілов.

Сонымен қатар, Болат Әбілов Қайрат Сатыбалды жаңа жылға дейін демалып, одан кейін кәсіптерін қайтадан қолға алатынын айтады.

«Артынан бизнес жобаларын қолға алады. Себебі өзінде қалған байлығы аз емес. Оның бүкіл командасы бостандықта. Кәсіппен айналысуын жалғастырады», - дейді саясаткер.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар