Назарбаевтың немере інісіне қатысты іс аса құпия санатқа жатқызылды

Қаракөз Амантай 19 ақп. 2024 16:00 3558

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты іс сотқа өте құпия түрде берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы CMN ресми сауалына жауап берген елордалық Сот әкімшілігі департаменті хабарлады.

"Іс сотқа өте құпия түрде берілді. Осыған байланысты ақпарат кейінірек қолжетімді болған кезде берілетін болады" делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдалану дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар