Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай ерекше марапатқа ие болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz 1Бол сайтына сілтеме жасап.
Спортшыны Дінмұхамед Қонаевтың және Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке күзетін басқарған, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев марапаттады.
"Біздің қызымыз, жерлесіміз, Олимпиададан қола медаль алып келіп отыр. Арнайы Дінмұхамед Қонаевтың орденін жасадық. Соны қымызыдың кеудесіне тағып отырмыз", - деді Амангелді Шабдарбаев.
Еске салайық, бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды.
50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді.
Осылайша, Назым Қызайбай өз мансабында тұңғыш рет, өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды.