Айтпақшы, биліктегі нақты тұлғаны сынаудың да жаңа түрі пайда болғанын көріп жатырмыз. Иә, Назарбаевты біз билік басында отырған кезінде-ақ сынағанбыз.
Міне, тағынан тайып еді, кеше ғана оның қолынан қызмет, атақ, сыйлық алғандар мен сол кезде аузын аша алмай жүргендер оның артынан тас лақтырып әлек. Шынымды айтсам, осы хорға қосылғым да жоқ – жау кеткен соң қылышыңды көңге шап!
Моральдық тұрғыдан қоғам азып бара жатыр ма, қалай өзі?
Ең бастысы – бір басқа табынудан құтылып, екінші басқа табынып жүрмейік!
Пікір аламасу, ой бөлісу кез келген қоғамды алға жылжытатын дүние. Тәуелсіздік алған 30 жылда Қазақстанда алабөтен ой айтып, халықтың кумиріне айналған тұлға болмады.