Назарбаеваның құдасы тұтқындалғаны туралы ақпарат тарауда

Dalanews 15 нау. 2022 15:14 315

Журналист Денис Кривошеев өзінің Фейсук парақшасында Тимур Құлыбаевқа жақын кәсіпкер, Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаевтың тұтқындалғанын жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Журналист «Алматыда көлік тұрағы мәселесі шешілді. Қайрат Боранбаев тұтқындалды» деп қысқа жазба қалдырды.

Қайрат Боранбаев еліміздегі ең бай адамдардың бірі екені белігілі. Ол Алматыда көше бойынан поркаманттар орнатып ақылы тұрақтар ұйымдастырып елдің наразылығыны тап болған болатын.


Бұдан басқа Ресей мен Белорусте McDonald’s мейрамханалар желісін ашқанын білеміз. Сонымен қатар, марқұм Айсұлтан Назарбаевтың қайын атасы екені белгілі.

Әзірше,  құзырлы орындар тарапынан Қайрат Боранбаевтың тұтқындалғаны жайында ақпарат жарияланған жоқ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x