Назарбаеваға жаңа айып тағылды

Қаракөз Амантай 28 ақп. 2024 14:50 15742

Әлия Назарбаева мен Конституциялық Кеңестің бұрынғы басшысы Валентина Роговаға "рейдерлік шабуыл жасады" деген айып тағылуда, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"2003 жылы (Назарбаева – ҚазТАГ) өз үстемдігін пайдалана отырып, құны 170 миллион долларды құрайтын (2003 жылғы есеп бойынша) жеті мұнай базасы мен 96 жанармай құю бекетінен тұратын кәсіпорынды қолды еткен. Ал бұрынғы иелерін "түрмеге қамап, дене жарақатын саламын" деп қорқытқан. Тіпті тапа тал түсте кәсіп иелерінің бірінің әкесін ашық түрде ұрлап әкеткен. Бұл өзінің ықпалын көрсету үшін жасалған әрекет.

Куәгерлердің айтуынша, адам ұрлауға құқық қорғау органдарының қатысы болуы мүмкін. Қылмысқа сыбайлас қатысушы Валентина Рогова болған.

Ол - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Президенттің көмекшісі, Президенттің кеңесшісі және басқа да көптеген мемлекеттік қызметтерді атқарған Игорь Иванович Роговтың әйелі", - делінген Ұлттық баспасөз клубының хабарламасында.

Бүгін, яғни 28 ақпан сағат 15.00-де Ұлттық баспасөз клубында "Әлия Назарбаеваның Валентина Роговамен бірігіп 170 миллион долларлық бизнесті рейдерлік жолмен басып алуы" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Қатысушылар:

  1. Ермұрат Бапи – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  2. Күрентаев Жарқын – қоғам қайраткері;
  3. Бимурзин Нұрлан – «ТПК Азия» ЖШС иесі;
  4. Қалиев Медғат – «ТПК Азия» ЖШС иесі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар