Назарбаев Түркияға барады

Назарбаев Түркияға барады
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Түркияға сапарлап бармақ. 

Бұл туралы Түркия президентінің әкімшілігіне сілтеме жасаған РИА жаңалықтар хабарлайды.

"Президент Ердоғанның шақыруымен 5 тамыз күні Қазақстан президенті Түркияға барады. Іс-сапар барысында президенттер жеке дара әңгімелесіп, артынша делегация құрамындағы келіссөздер өтеді. Біздің стратегиялық әріптес Қазақстанмен арада барлық саладағы байланысты кеңейту мүмкіндіктері қарастырылып, сонымен қатар Түркітілдес мемлекеттер кеңесінің әріптестік мәселесі қарастырылады" – делінген Түркия президенті әкімшілігінің мәлімдемесінде.

Айта кетсек, 13 сәуір, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Стамбұлдағы келіссөздер барысында исламдық татуластық декларациясын бірігіп қабылдаған болатын.