Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілері қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Тұңғыш Президент орны толмас қайғыға ортақтасып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Маңғыстау облысында төтенше жағдай болған жерде жұмыс істеп жатыр.
Нақтыланған мәліметке сәйкес оқу-жаттығу, жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшеюіне байланысты 17 адам суға кеткен. Оның 12-сі қаза тауып, үш әскери қызметші құтқарылды. Қалған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.