"Назарбаев мұрасы..." Танымал журналист Ескі Қазақстаннан қалған басты нәрселерді атады

Сағыныш Сардарова 19 нау. 2024 10:39 4171

Журналист, қоғам белсендісі Дина Елгезек әлеуметтік желідегі парақшасында Елтаңба ауыстыру идеясына пікір білдіріп, "Назарбаев мұрасынан" құтылу деген сөз шын мәнінде не мағына білдіретінін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Гербтен құтылу - Назарбаевтың мұрасынан құтылу" депті кеше бір ағамыз.
Жансыз атрибут бізге нендей қауіп туғызуы мүмкін? Нонсенс қой…

Назарбаевтың мұрасы елтаңба емес, Назарбаевтың мұрасы - Тоқаевтың қасында жүрген Назарбаевтың жемқор командасы!
Назарбаевтың мұрасы - энергетикалық ресурстардың қожайыны - олигархиялық топ!
Назарбаевтың мұрасы - елге қайтпаған активтер!
Назарбаевтың мұрасы - әділетсіз сот, билікке тәуелді БАҚ!

Елдігіміздің символын өтірік өзгертіп, "Жаңа Қазақстанның" жалған имитациясын жасағанша, "ескі жүйенің заңды мұрагеріміз" деп мойындай салсаңдаршы…" - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Дина Елгезек Асхат Асылбековке берген сұхбатында Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиев қазақ халқының тағдырына қалай әсер еткенін айтты.

"1999 жылдың соңында 2000 жылдардың басында (Хабарға - еск.) келдім. Сол кезде басшымыз (Әлиев пен Назарбаева - еск.) болды. Шынын айтқанда, өткен 30 жылға қараймыз, қазақ халқының көрген қорқынышты түсіндей екен. Осы ерлі-зайыпты - қазақ халқына, тағдырына әсер еткен тұлғалар.

Байлықтан, ашкөздіктен медиаларды сатып алып жатты.

Сөз бостандығы қысымға ұшырады. Демократия деген нәрсені ұмыта бастадық.

Президенттің өзінде екі түрлі таңдау тұрды: автократиялық апан, екіншісі демократиялық таңдау деген. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев өзінің отбасын таңдады, оның отбасы автократиялық режимді таңдады.

Одан кейінгі небір сұмдық тарих, рейдерлік жасап отырды. Балаларына шексіз билік беру арқылы Назарбаевтың тағдыры немен аяқталды?!" - деді журналист.

Сонымен қатар, қоғам белсендісі қазақтың жағдайын кімдер тұралатқанын да атаған еді.

"Бізде үш түрлі триада - жемқорлар, Назарбаевтың кланы және отбасы. Осы үшбасты айдаһар мемлекетіміздің түбіне жете жаздады. Осының ішінде мемлекеттің тағдырына әсер еткен осы екі тұлға (Әлиев пен Назарбаева - еск.) болды. ...Қатты айтқаным емес, бұлар қазақ халқын құлдықта ұстады деп айтуға болады. Қазақ халқының қожайыны бола бастады", - деді журналист.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар